Былтыр 151 мың ресейлік Қазақстанға жұмысқа келді

Былтыр 151 мың ресейлік Қазақстанға жұмысқа келді

2024 жылы шетелден жұмыс тапқан ресейліктер 33,6% көбейді. Қазақстан ресейлік мамандарды белсенді жұмысқа қабылдаған елдердің бірі, деп хабарлайды HeadHunter.

«Көбіне Ресей азаматтары Белоруське (22%, 172,3 мың), Қазақстанға (20%, 150,9 мың) және Грузияға (9%, 69,7 мың), сондай-ақ Түркияға (9%, 67,8 мың) және Өзбекстан (7%, 57,2 мың) жұмысқа кеткен», — делінген.

2023 жылы ресейліктерді жұмысқа алған елдер ішінде Қазақстан бірінші орында болған.

Hh мәліметінше, ресейліктер көбіне сату және тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері, бағдарламашылар мен әзірлеушілер, байланыс орталығының операторлары және т.б. Шетелдегі ресейліктерге ұсынылатын жалақы 270 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін болды.