Биыл 31 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.05.23 ж. №393 қаулысы жарияланды, онда бөлшек салықтың арнайы салық режимін (бөлшек салықтың АСР) қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Бұған дейін Комитетпен ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін хабарламаны ұсыну мерзімін ұзарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап осы режимді қолдану үшін Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңның нормаларына сәйкес ҚҚС төлемейтін салық төлеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін тиісті хабарлама ұсынуы тиіс болатын.

Осылайша, бұрын жарияланған түсіндірмеге қосымша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлемейтін салық төлеушілер ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қоса беруі қажет екенін хабарлаймыз. 

Хабарлама салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) ұсынылады. Хабарламаны салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады.

Бұл ретте бөлшек салықтың АСР-не ауысуы үшін ретроспективті түрде, мысалы, хабарламасының 2-бөлімінде «Бөлшек салықтың АСР-не G.» жолында, себебін «АСР қолдану шарттарына сәйкес келмейтін В.» таңдап және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолдануға мүмкіндік беретін 01.01.2023 жылғы күнді көрсету қажет.

Бұл ретте 01.01.2023 ж. бастап ретроспективті түрде бөлшек салық АСР-не көшу үшін «Бөлшек салық АСР-не G.» хабарламасының 2-бөлімінде «АСР қолдану шарттарына сәйкес келмейтін В.» жолында себебін және 01.01.2023 жылғы күнді көрсету қажет, бұл осы режимді осы күннен бастап қолдануға мүмкіндік береді.

Көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлеушілер хабарламаның көрсетілген күніне дейін (2-бөлімінде «Бөлшек салықтың АСР-не G.» және себебін «Ерікті шешім қабылдау А.» белгілей отырып), қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтінішті МКБ-на ұсынады.

Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған барлық құжаттарды МҚБ-на қағаз жеткізгіштерде, пошта арқылы немесе «Е-Өтініш» АЖ арқылы ұсынуға болатынын хабарлайды.

келесі кезеңдерде бөлшек салықтың АСР-не ауысатын салық төлеушілер хабарлама, сондай-ақ 10 маусымнан кейін қолданылатын салық салу режимі туралы ұсынған хабарламаны ұсынады және салық режимін қалыпты тәртіппен ауыстырады.

А.ж. 9 маусымынан кейін бөлшек салық АСР-не көшу жалпы қабылданған ережелер бойынша, яғни қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүзеге асырылатын болады.

Бөлшек салық режимін қолданудың артықшылықтары

Осы режимді қолданатын салық төлеушілер (бұл кірісі жылына 600,0 мың АЕК-тен аспайтын (23 жылы 2.070 млрд теңге) және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі белгіленген тізбеге кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратындар):

1) айналым мөлшеріне қарамастан табыс бойынша белгіленген шегіне дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы.

2) әлеуметтік салық төлеушілер емес;

3) салық салу объектісін (шығыстарды шегермей кірістер) қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған шығыстар сомасына азайтады;

4) егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің орнына қызметкерлердің кірістерінен бірыңғай төлем төлеуге көшуге құқылы.

Еске салайық:

- бөлшек салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 114-тен 190 Қызмет түріне дейін кеңейтілді;

- режимді қолдану бойынша норма мерзімсіз енгізілді (бұрын нормалар екі жылдық кезеңге енгізілді);

- салық кезеңі тоқсан болып табылады;

- мәслихат шешімімен 2% - ға дейін төмендетілуі мүмкін жалпы 4% мөлшерлеме, сондай-ақ 8% мөлшеріндегі арнайы мөлшерлеме қолданылады, ол төмендетуге жатпайды және егер сатып алушы (қызмет алушы) салық салуда шығыстарды құжатпен расталған шегерімдерге жатқызу жөніндегі норманы қолданған жағдайда қолданылады.

Шығындар сомаларын шегерімге жатқызу үшін сатып алушы бөлшек салық режимін қолданатын тұлғадан ЭШФ жазуды немесе осындай сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чек беруді талап етуге құқылы.

Мәслихат ставканы төмендету жөніндегі шешімін ағымдағы жылы

1 шілдеден кешіктірілмей, келесі кезеңдерде – ставканы енгізу алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.