БЖЗҚ-ның жыл басынан бергі инвестициялық табысы минуста

БЖЗҚ-ның жыл басынан бергі инвестициялық табысы минуста

1 мамырдағы жағдай бойынша, Ұлттық Банк басқаратын зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі жыл жыл басынан бері -0,69% немесе минус 146,36 млрд теңге, делінген БЖЗҚ мәліметінде.

Ал 2025 жылдың бес айындағы инвестициялық табысы мынадай:

  • Сентрас Секьюритиз – 4,10% (94 млн теңге);
  • BCC Invest – 2,85% (169,87 млн теңге);
  • Halyk Global Markets – 1,49% (85,41 млн теңге);
  • Jusan Invest – 1,35% (166,46 млн теңге);
  • Halyk Finance – 0,66% (264,7 млн теңге);
  • Ұлттық банк – минус 0,69% (минус 146,36 млрд теңге).

Ұлттық банк теріс инвестициялық кірісті ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары құнының төмендеуімен, сондай-ақ теңгенің долларға шаққандағы бағамының 525 теңгеден 510 теңгеге дейін нығаюымен түсіндіреді. Бұл ретте реттеуші сәуір мен мамырда есептелген инвестициялық кіріс тиісінше 214,94 млрд және 85,18 млрд теңгені құрағанын атап өтеді.

Зейнетақы активтері былай бөлінген

  • БЖЗҚ – 22,8 трлн теңге;
  • Halyk Finance – 36,35 млрд теңге;
  • Jusan Invest – 11,77 млрд теңге;
  • BCC Invest – 6,32 млрд теңге;
  • Halyk Global Markets – 5,53 млрд теңге;
  • Сентрас Секьюритиз – 2,39 млрд теңге.