Бизнестің банктердегі депозиті азайып бара жатыр

Бизнестің банктердегі депозиті азайып бара жатыр

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы шілдеде негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 3,3%, 9,4 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде, оның ішінде теңгеге қатысты АҚШ долларының нығаюы аясында оң қайта бағалау нәтижесінде 0,5%, 42,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

Ұлттық валютадағы депозиттер 0,3%, 33,0 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 тамыздағы долларландыру деңгейі 22,2%-ды құрады (01.07.2025ж. - 21,6%).

Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,0%, 13,5 трлн теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде 2025 жылғы шілдеде 0,8%, 18,5 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,7%, 19,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,6%, 23,9 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы шілдеде 15,5%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,3%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.