Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы мамырда 1,3%, 35,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 5,1% өсім). Экономикаға берілген кредиттердің құрылымында 2025 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 1,4%, 32,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында берілген кредиттер 0,3%, 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы мамырда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 0,5%, 5,1 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 0,6%, 13,4 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 2,4% өсім). Бизнеске берілген кредиттер құрылымында ірі бизнеске қарыздар сауда саласындағы субъектілердің қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу нәтижесінде 0,9%, 5,0 трлн теңгеге төмендеді (2025 жылдың басынан 14,7% өсім), ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар 0,7%, 5,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 9,7% төмендеген). Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер 3,0%, 2,6 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 13,0% өсім).
Салалар бойынша 2025 жылғы мамырда бизнеске берілген кредиттердің өсуі өнеркәсіп пен көлікті қоспағанда, барлық салада байқалады. Саудада кредиттер 0,5%, 3,6 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыста – 2,5%, 0,2 трлн теңгеге дейін, құрылыста – 4,5%, 0,7 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында 36%, 0,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2025 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылтың тиісінше айымен салыстырғанда 7,8% артық. 2025 жылдың басынан бері бизнеске жаңа кредиттер беру көлемі 7,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,3% артық.
2025 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 21,3% деңгейінде сақталды.