2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда жалпы ауданы 500,8 мың шаршы метр кеңсе ғимараттары пайдалануға берілді. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30% көп. Көрсеткіш кемінде соңғы 12 жылдағы осы кезең үшін ең жоғары деңгейге жетті, жеп хабарлайды статистика бюросы.
Тоқсандық динамикаға қарасақ, көрсеткіш қатарынан төрт тоқсан бойы өсіп келеді. 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларынан бері әр үш айда пайдалануға берілген кеңсе алаңы 200 мың шаршы метрден төмен түскен жоқ, мұндай жағдай бұрын болмаған.
Кеңсе алаңдарының басым бөлігі дәстүрлі түрде екі ірі қалаға тиесілі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада жалпы ауданы 205 мың шаршы метр болатын 81 нысан пайдалануға берілді. Бұл да осы кезең үшін рекорд және өткен жылмен салыстырғанда 33% көп.
Алматыда компанияларға арналған кеңселері бар 55 нысан іске қосылып, олардың жалпы ауданы 138,3 мың шаршы метрді құрады. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 79% жоғары және кемінде 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.