Бір жылда (2025 жылғы қаңтар — 2024 жылғы қаңтар) қайталама нарықтағы пәтер бағасы 6,1%, жаңа үй бағасы – 4,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2025 жылғы қаңтарда 10% жоғарылаған.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәндегі баға Павлодар – 13,8%, Ақтөбе – 13,6%, Көкшетау қалаларында 13,4% айтарлықтай өскен. Қолданыстағы пәтерлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Атырау (17,3%) мен Астанада (14,5%), тұрғын үйді жалға алу бойынша Астана (30,1%), Талдықорған (27,7%), Шымкент (19,6%) қалаларында байқалды.
Бір айдың ішінде (2025 жылғы қаңтар — 2024 жылғы желтоқсан) қайталама нарықтағы пәтер бағасы 1,5%, жаңа тұрғын үй бағасы 1,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі қаңтарда алдыңғы аймен салыстырғанда 2% жоғарылады.
2025 жылғы қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 917 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 153 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 764 мәміле жасалды. 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда (50 046) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 38,2% азайды.
Мәмілелер саны бойынша Астана (6 548 – 21,2%), Алматы (6 137 – 19,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 411 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 378 мәміле (1,2%).
2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың қаңтарында барлық өңірде мәмілелер санының азаюы байқалды. Ең аз төмендеу Павлодар (-58,1%), Қызылорда (-54%) және Түркістан (-52,3%) облыстарында тіркелді.
2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі мәмілелер саны 37,4% (14 794 мәмілеге) азайды. 2025 жылдың қаңтар айында пәтерлер бойынша барлығы 24 764 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 80,1%-ы.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (26%), Алматы (23,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қаңтар айында олар бойынша 9 523 мәміле ресімделген.
2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтарында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 41,3% (4 335 мәмілеге) азайды. Қаңтарда барлығы 6 153 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең аз төмендеуі Қызылорда (-63%), Ұлытау (-59,8%) және Абай (-53,5%) облыстарында байқалды. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының бір айдағы өсімі тіркелмеген.
2025 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 2,5%-ға азайған, ол кезде 31 713 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Батыс Қазақстан облысында (+45,7%) байқалады, ең аз төмендеу – Түркістан облысында (-27,8%).