Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиті 2025 жылғы маусымда 2,3%, 36,3 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бері 7,6% өскен) ұлғайды. Экономикаға берілген кредит құрылымында 2025 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 2,0%, 33,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 6,4%, 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы маусымда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 4,8%, 5,4 трлн теңгеге өсуі есебінен 13,7 трлн теңгеге дейін 2,7% ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 5,1% өскен). Бизнеске берілген кредиттер құрылымында ірі бизнеске берілген қарыздар 2,3%, 5,1 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан 17,3% өскен), ШОБ субъектілеріне — 2,9%, 6,0 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан 7,1%-ға төмендеген) ұлғайды. Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер 2,8%, 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 16,2% өскен).
Салалар бөлінісінде 2025 жылғы маусымда бизнеске берілген кредиттердің өсуі көлікті, ақпарат және байланысты қоспағанда, барлық салаларда дерлік байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 4,5 трлн теңгеге дейін 3,9%, саудада 3,5%, 3,8 трлн теңгеге дейін, құрылыста — 5,7%, 0,7 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында — 1,3%, 0,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ақпарат және байланыс салаларында жоспарлы өтеу нәтижесінде 9,0%, 0,2 трлн теңгеге дейін, көлікте 1,7%, 1,0 трлн теңгеге дейін төмендеу байқалады.
2025 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылғы иісті аймен салыстырғанда 17,6% көп. 2025 жылдың басынан бизнеске берілген жаңа кредиттердің көлемі 8,8 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,4% көп.
2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі ірі бизнеске берілетін қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,0% өсуі есебінен (2025 жылғы мамырда – 18,6%) 21,7%-ды құрап, аздап ұлғайды (2025 жылғы мамырда – 21,3%).