Биыл Қарағанды мен Таразда үй арзандады, ең көп Ақтауда қымбаттады

Биыл Қарағанды мен Таразда үй арзандады, ең көп Ақтауда қымбаттады

Бір жыл ішінде Қазақстанда пәтерлердің орташа құны 3,2% – шаршы метріне 371 мың теңгеден 383 мың теңгеге дейін өсті. Бұл деректерді Krisha.kz сарапшылары келтіріп отыр.

Бағалар ең қатты өскен қалалар:

  • Ақтау – 13,3%, шаршы метрі 376,6 мың теңгеге дейін;
  • Астана – 7,7%, 512,6 мың теңгеге дейін;
  • Орал – 6,4%, 327,9 мың теңгеге дейін;
  • Петропавл – 5,9%, 384,2 мың теңгеге дейін;
  • Ақтөбе – 5%, 302,5 мың теңгеге дейін.

Қалған қалаларда орташа өсім байқалды: 3,7% – Түркістан және Талдықорғанда – тиісінше 322,9 мың теңгеге және 310,6 мың теңгеге дейін, Алматы қаласында – 3,4%, 744,8 мың теңгеге дейін, 3,2% – Көкшетау қаласында 315,6 мың теңгеге дейін, 2,8% – Шымкентте, 432,3 мың теңгеге дейін.

Еліміздің үш мегаполисінен бөлек, Атырауда баспана ең қымбат. Онда бір шаршы метрдің құны 400,9 мың теңгеге жетеді.

Баға Қарағандыда (1,7%, шаршы метріне 372,5 мың теңгеге дейін) және Таразда (0,2%, 300,6 мың теңгеге дейін) аздап төмендеді.

Krisha.kz сарапшылары 25 желтоқсандағы жағдай бойынша өз веб-сайтында ұсынылған бағаларға назар аудара отырып, бастапқы және қайталама нарықты бірге есептейді.