2025 жылғы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 973 мәміле тіркелген, оның ішінде жер үйлер бойынша 8 751 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 31 222 мәміле жасалды. 2025 жылғы қазанмен салыстырғанда (41 259) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,1% азайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2025 жылдың қазанымен салыстырғанда қарашада мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+19,7%), Қостанай (+19,5%) және Жетісу (+14,2%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Маңғыстау (-17,7%), Ақмола (-15,2%) және Атырау (-12,7%) облыстарында тіркелді.

Бір айдың ішінде көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 4,1% (1 320 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 31 222 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27,9%), Алматы (21,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қараша айында олар бойынша 11 888 мәміле ресімделген.

Жер үйлер бойынша мәмілелер саны 0,4% (34 мәмілеге) өсті. Қарашада барлығы 8 751 мәміле тіркелген. Жер үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+33,6%), Жетісу (+25,4%) және Абай (+11,3%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Маңғыстау (-12,8%) облысында, Шымкент (-12,1%) қаласында және Ұлытау (-11,3%) облысында байқалды.

2025 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 1,4% өскен, ол кезде 39 421 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Жетісу облысында (31,3%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-31%). 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,3% өсім байқалды.