Krisha.kz хабарлауынша, тамыз айымен салыстырғанда Қазақстандағы қалалардың көпшілігінде үй бағасы 1% қымбаттады.

Кей қалаларда баға арзандады: Ақтауда 2%-ға жуық төмендеу байқалса, Қызылорда, Тараз және Түркістанда өсім 1%-дан артық арзандады.

Жыл басынан бергі тоғыз айда да баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Егер 2023 жылдың желтоқсан айының соңында орташа баға республика бойынша шаршы метріне 370,9 мың теңге болса, қазір 371,4 мың теңге.

11 қалада баға арзандады. 7 қалада қымбаттады. Үздік үштікте Петропавл (+5%), Орал (+4,1%), Ақтау (+3,1%). Астана (+1,8%.).

Алматы мен Шымкентте – сәйкесінше 1,1 және 1,9% төмендеді.

Жылдық көрсеткіш бойынша бағаның орташа 1% шамалы өсуі тіркелді. Ең жоғары өсім Ақтауда (+7,9%), Петропавлда (+5,5%), Оралда (+3,2%). Астанада пәтер бағасы 2%-дан сәл астам, Алматыда 0,5% қымбаттады.

Шымкентте баға 2,2% арзандады. Тоғыз қалада баға арзандады.