Биыл жұмыс іздеушілер күрт көбейді

Биыл жұмыс іздеушілер күрт көбейді

HeadHunter Kazakhstan 2025 жылғы I тоқсандағы негізгі көрсеткіштерін жариялайды.

Жұмыс берушілер белсенділігі

2025 жылдың I тоқсанында hh.kz платформасында 120 мыңнан астам белсенді бос жұмыс орындары жарияланды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% артық. Бұл елдегі жұмыс күшіне деген сұраныстың тұрақты өсіп жатқанын көрсетеді және еңбек нарығына оң әсер етеді.

Алматы мен Астана бос жұмыс орындары саны бойынша көшбасшылық орнын сақтап отыр — тиісінше 41% және 25%. Сонымен қатар жұмыс берушілер белсенділігі жоғары өңірлер қатарына Қарағанды, Шымкент және Қостанай да кірді.

2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанның түрлі қалаларында бос жұмыс орындары санының айтарлықтай өсуі байқалды. Ұсыныстардың ең көп артқаны – Астанада, мұнда бос жұмыс орындары саны 34%-ға өсті. Шымкентте өсім 26%-ды құрады. Қостанайда – 22%, ал Алматыда – 17%. Павлодар мен Өскеменде бос жұмыс орындары саны 6%-ға артса, Ақтөбеде – 14%. Атырау мен Оралда өсім 7%-ды көрсетті.

Жалақы мөлшері

Қазақстан бойынша ұсынылған медианалық жалақы 308 088 теңгені (gross) құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% жоғары. Медианалық жалақы орташа жалақыдан гөрі объективті көрсеткіш, себебі ол жұмысшылардың жартысының нақты табыс деңгейін көрсетеді. 

Жалақының ең жоғары өсімі жоғары менеджмент, маркетинг, стратегия, инвестиция және консалтинг салаларында байқалды. Барлық салаларда ұсынылған медианалық жалақы өсіп отыр.

Ізденушілер белсенділігінің динамикасы 

2025 жылдың I тоқсанында hh.kz сайтында 900 мыңнан астам белсенді түйіндеме жарияланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62% көп. Бұл еңбек нарығында ізденушілер тарапынан белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді. Әсіресе жұмысшы персонал мен көлік саласының өкілдері белсенді түйіндеме орналастыруда, бұл осы салалардағы жұмыс орындарына сұранысты білдіреді.

Еңбек нарығындағы бәсекелестік

Түйіндеме мен бос жұмыс орындары санының арақатынасын көрсететін бәсекелестік индексі 7,4-ті құрады. Бұл бір бос жұмыс орынына орта есеппен жеті адам үміткер болатынын білдіреді. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 35% өсті.

Көптеген өңірлер мен салаларда жұмыс орындары үшін бәсекелестік артты. Әсіресе қауіпсіздік пен өнер салаларында бәсекелестік деңгейі жоғары, бұл аталған салаларда жұмысқа орналасу қиындығын білдіруі мүмкін.