Биыл жеке кәсіпкерлердің несие алуы күрт көбейді

Биыл жеке кәсіпкерлердің несие алуы күрт көбейді

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қарашада 3,1%, 32,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 17,9% өсім). Экономикаға берілген кредиттер құрылымында 2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша ұлттық валютадағы кредиттер 3,0%, 30,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валюталық кредиттер 4,9%, 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде АҚШ долларына қатысты ұлттық валютаның айырбастау бағамының әлсіреуі аясында оң қайта бағалау нәтижесінде 4,7% ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қарашада негізінен негізгі қорларды сатып алуға берілген қарыздардың 5,0%, 4,7 трлн теңгеге дейін және инвестициялардың 2,4%, 3,3 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 4,0%, 12,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 12,0% немесе 1,4 трлн теңгеге өсу).

Бизнес субъектілерінің санаты бөлінісінде ірі бизнеске берілген кредиттер 2024 жылғы қарашада 3,4%, 4,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,2% өсім). ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар негізінен айналым қаражатын толықтыруға автомобильдер өндіру секторындағы шағын кәсіпорындарға кредит беру есебінен бір айда 4,6%, 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,8% өсім).

Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер 2024 жылғы қарашада 3,4%, 2,2 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 42,4% өсім).

Салалар бөлінісінде 2024 жылғы қарашада ауыл шаруашылығы саласын қоспағанда, барлық дерлік салаларда бизнеске кредиттердің өсуі байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 2,6%, 4,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 21,7% өсім), саудада – 4,4%, 3,4 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 13,8% өсім), құрылыста – 1,9%, 0,6 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 8,5% өсім), көлік саласында 12,6%, 0,9 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 6,2% өсім), ақпарат және байланыс салаларында – 6,9%, 0,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 37,7% төмендеу) және басқа да қызмет көрсету салаларында – 4,4%, 3,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 6,4% өсім).

Бұл ретте ауыл шаруашылығында жоспарлы маусымдық өтеулерге байланысты кредиттік портфельдің 2,4%, 0,5 трлн теңгеге дейін төмендеуі байқалды (2024 жылдың басынан бері 2,1% өсім).

2024 жылғы қарашада бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 28,8% артық. Бұл ретте 2024 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 16,1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3% артық.

2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша негізінен ШОБ кредиттері бойынша мөлшерлемелерді 18,3%-дан 18,0%-ға, ірі бизнеске – 16,8%-дан 16,7%-ға, ал дара кәсіпкерлерге – 31,5%-дан 30,3%-ға дейін төмендету есебінен бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,6%-ға (2024 жылғы қазанда – 20,1%) дейін төмендеді.