2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда коммерциялық техниканы қоса алғанда 20 857 жаңа автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4% көп. Сонымен қатар, алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша нарық өткен жылдың деңгейінде қалып отыр: 65 610 бірлік, ал 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 66 101 автокөлік сатылған болатын (-0,7%), деп хабарлайды Қазақстанның автокөлік одағы.

Сәуір айының көшбасшысы Chevrolet бренді болды — 5 501 автокөлік сатылып, өткен жылмен салыстырғанда 101,9% өсті. Екінші орында Hyundai — 2 656 (-39,3%), ал үздік үштікті Kia — 1 912 (-13,4%) қорытындылады. 

Нарық драйверлерінің бірі Changan саналады. Сәуірде бренд бірден 1 882 автомобилін өткізіп, саудасын 172,4% көтерді. Әрі қарай тізімге Haval (1 379; +31,7%), Chery (1 326; -7,5%), Jetour (1 108; -19%), Toyota (830; +11,6%), Geely (548; -47,9%) және Geely Galaxy (424) енді.

Ең қарқынды өсіп келе жатқан брендтердің қатарында BYD (421; +209,6%) және мен MG (130; +282,4%). Сондай-ақ Қазақстан нарығына жақында ғана шыққан Geely Galaxy және Li Auto брендтері де қарқынды даму үстінде.

Сәуір қорытындысына сәйкес ең танымал 10 модель тізімінде өзгеріс бар: Chevrolet Cobalt (5 319) бірінші, Hyundai Tucson екінші орында (853), Hyundai Mufasa кроссовері (794) үшінші орынға көтерілді. Төртінші орынды Kia Sportage (726) алса, бесінші сатыға Changan CS35 Max (712) тұрақтады. 

Одан кейін мына модельдер тұр: Changan CS55 Plus (688), Haval Jolion (572), Haval M6 (506), Toyota Camry (429) және Chery Tiggo 2 Pro (428).

2026 жылғы төрт ай қорытындысы бойынша 12 130 автомобилі өткен Chevrolet (+38,9%) бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға  Hyundai (11 314; -29,5%) шықты, үшінші орынға Kia (9 405; +32,2%) жайғасты. 

Сонымен қатар тізімде мына модельдер бар: Changan – 5 113 (+120,3%), Chery – 4 646 (+2,5%), Haval – 3 687 (+1,7%), Jetour – 3 366 (-24,7%), Toyota – 2 096 (-27,7%), JAC – 1 887 (-38,8%) және Geely – 1 729 (-50,4%).