Биыл экспорт азайып, импорт көбейіп барады

Биыл экспорт азайып, импорт көбейіп барады

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,3% өсті. Өсім болашақ экономикасын қалыптастыратын салаларда байқалады: білім беру 3,5 есе, қаржы және сақтандыру қызметі — 86,2%, өңдеу өнеркәсібі — 48,9%, Денсаулық сақтау — 32,8% және көлік — 16,2% өсті.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша сыртқы сауда тауар айналымы 53,5 млрд долдарды құрады. Экспорт 29,8 млрд долларға жетті, бұл ретте өңделген тауарларды шетелге сату 10,2 млрд долларды құрады. Импорт 2,2% артып, 23,8 млрд долларды құрады.

Сонымен қатар көлік және сауда қызметтерін дамытуға астық тасымалдау көлемін ұлғайту енгізілді. Экспорт 35,2% өсіп, 11,8 млн тонна астық пен ұнға жетті, ал 9 млн тонна астық – бұл соңғы 13 жылда тіркелген ең жоғары көлем. Негізгі бағыттары – Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Әзербайжан.

«Сыртқы сауданың жалпы төмендеуіне қарамастан, Қазақстан 6 млрд доллар көлемінде оң сауда балансын сақтап отыр», — деді Серік Жұманғарин.