Бес айдың қорытындысы бойынша, елде сауда мен қызмет көрсету нысандары құрылымы күрт артып, былтырғы бес айдағыдан екі есе көп салынды. Көрсеткіш соңғы алты жылдағы қаңтар-мамыр айларындағы ең жоғары деңгейге – 344 бірлікке жетті, деп хабарлайды статбюро.
Көрсеткіш негізінен сауда ғимараттары есеьінен өсті – 245 нысан, жылдық өсім екі есе. Сонымен қатар, мұндай ғимараттардың ішінде оң көрсеткіштер бойынша мамандандырылған дүкендер (68 нысан, +300%) және супермаркеттер (45 нысан, +165%) құрылысы қарқын алды. Бөлшек сауда ғимараттарындағы жағдай мынадай:
- автоорталық — 10 нысан, +100%
- сауда орталығы — 41 нысан, +95%;
- минимаркет — 113 нысан, +64%;
- дәріхана — 4 нысан (өзгеріссіз);
- жабық базар мен павильон - 5 нысан (бір жыл бұрын 0).
Қызмет көрсету ғимараттарын пайдалануға беру бір жылда 86% артып, 67 бірлікке жетті. Бір қызығы, мұнда ең жылдам дамып келе жатқан сегменттер монша (21 нысан, +133%) және автокөлік жуу орындары (17 нысан, +89%) болды.
Сонымен қатар, ресми статистика аралас санатты — басқа да сауда және қызмет көрсету ғимараттарын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 129% өсіммен тағы 32 нысан пайдалануға берілді. Бұлар негізінен сауда үйлері – 14 нысан, +367%.
Айта кетерлігі, пайдалануға берілген ғимарат әрқашан жаңадае салынбайды. Бұл жөндеуден өткен бұрыннан бар ғимараттар болуы да мүмкін.