Биыл автокөлік өндірісі азайып кетті

Биыл автокөлік өндірісі азайып кетті

2024 жылдың 11 айында Қазақстанда 124,1 мың автокөлік шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1% төмен. Бұл мәліметті Қазақстан автомобиль одағы келтіріп отыр.

Өндірістің жалпы көлемі қазақстандық зауыттар арасында былай бөлінді:

  • Қостанайдағы Allur – 77,5 мың техника (-6,4%);
  • Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan – 38,3 мың (-17%);
  • Семейдегі СемАЗ – 4,3 мың (+12,7%);
  • Қарағанды ​​облысындағы QazTehna – 1,35 мың (-3,5%);
  • Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг – 1 мың (-9,8%).

Басқа автоөндірушілердің үлесіне 2,4 мың техника тиесілі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% артық.

11 айдағы ең танымал брендтер мыналар:

  • Chevrolet Cobalt;
  • Hyundai Tucson;
  • Kia Sportage;
  • Hyundai Elantra;
  • Jetour X70.