Биыл ауыл шаруашылығы мен құрылыста өсім қатты

Биыл ауыл шаруашылығы мен құрылыста өсім қатты

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Олжас Бектеновтың баяндауынша:

  • биыл қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4%;
  • экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4%), құрылыс (10,3%), сауда (8,2%), көлік (8,1%), өңдеу өнеркәсібі (5,3%), соның ішінде металлургия (7,2%) және машина жасау (6,9%), химия өнеркәсібі (8,4%), сондай-ақ ақпарат және байланыс (5,3%) салаларында өсім байқалған;
  • биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен қол жеткізілген. Соған қарамастан мұнайды игерудің болжамды көрсеткішінің орындалмауы экономика дамуының жалпы қарқынына әсер еткен;
  • отандық өндірушілерді қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жөнінде мәлімет берді. Өңделген тауар экспорты 10,2% өсіп, 23,3 млрд долларға жеткен. Тауар импортының көрсеткіші 3,3% кеміген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1% ұлғайған. Бұл орайда шикізаттық емес салаларда айтарлықтай өсім бар.