Бюджеттің әлеуметтің шығын үлесі азайып келеді

Бюджеттің әлеуметтің шығын үлесі азайып келеді

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға мемлекеттік бюджет шығыны 3,3 трлн теңгені құрады — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8% көп. Finprom.kz мәліметінше, бұл шығындардың жалпы мемлекеттік шығындағы үлесі 21,9%-ға жетті.

Соңғы бірнеше жылда әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мемлекеттік бюджет шығыны үлесі, сирек жағдайларды қоспағанда, азаю үрдісін көрсетіп келеді. 2020 жылдың бірінші жартысында ол 25%, 2021 жылы — 24,7%, 2022 жылы — 22,5%, 2023 жылы — 21% болды. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл үлес 22,8%-ға дейін артқан, алайда биыл, көріп отырғанымыздай, қайта қысқарған.

2025 жылдың бірінші жартысында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік шығын бағыттары ішінде екінші орынға шықты, тек білім беруге ғана жол берді (бұл салаға шамамен 3,6 трлн теңге бөлінді), бұл оның бюджет құрылымындағы маңыздылығын айқындайды.

2024 жылдың бірінші жартысында әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға жұмсалған шығындар 3 трлн теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 15,4% көп болған.

Жергілікті бюджеттерде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығын 2025 жылдың алғашқы алты айында 335,9 млрд теңгені құрады — бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,2% артық. Өңірлер бойынша ең көп шығын Түркістан облысында тіркелді: 36,8 млрд теңге, жылдық өсім — 11,8%. Екінші орында Алматы (29,6 млрд теңге, +11,8%), үшінші орында Астана (24,4 млрд теңге, +19,2%). Алдыңғы бестікке сондай-ақ Қарағанды (21,6 млрд теңге) және Жамбыл (19,8 млрд теңге) облыстары кірді.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жергілікті бюджет шығыны төрт өңірлен басқа барлық өңірде артты. Батыс Қазақстан облысында олар 31,9% азайып, 11,1 млрд теңгені құрады, Солтүстік Қазақстанда — 19,9% азайып, 11,6 млрд теңгеге дейін түсті, Қостанайда — 9,2% төмендеп, 12,9 млрд теңге болды, Қызылордада — 3,9% азайып, 19 млрд теңгені құрады.

Саладағы ең жоғары өсім Астанада (19,2%), сондай-ақ Атырау облысында (18,2%, 13,3 млрд теңгеге дейін) және Маңғыстау облысында (15,5%, 14,4 млрд теңгеге дейін) тіркелді. Ең аз өсім Павлодар облысында болды (1,8%, 17 млрд теңгеге дейін).