Биткоинның бағасы 100 мығ доллардан асып, рекорд жаңартты. Бұған Binance платформасының деректері дәлел.
Астана уақытымен сағат 10:00-дағы жағдай бойынша криптовалюта 100 мың доллар шегінен асып, 103,3 мың доллар болды.

Бұған дейін сарапшылар Bitcoin бвғасы алдағы күндері 100 мың долларға оңай жетуі және одан әрі өсуді жалғастыруы мүмкін екенін хабарлады — қазіргі үрдіспен 300 мың долларға да жетуі ғажап емес екені айтылған.