Бір вакансияға сегіз үміткерден келеді

Бір вакансияға сегіз үміткерден келеді

2025 жылдың II тоқсанында hh.kz платформасында 129 мыңнан астам белсенді вакансияларжарияланды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға көп. Бұл елдегі жұмыс күшіне деген сұраныстың тұрақты өсіп жатқанын көрсетеді және еңбек нарығына оң әсерін тигізеді. 

Алматы мен Астана вакансиялардың саны бойынша әлі де көш бастап тұр — тиісінше жалпы вакансиялардың 38,9%-ы мен 23,1%-ы осы қалаларға тиесілі. 

2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша hh.kz платформасында Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде бос жұмыс орындарының саны тұрақты өсім көрсеткен. Қарағанды облысының үлесі – 5,5%, бос жұмыс орындарының өсімі – 15,7%. Шымкенттің үлесі – 4,9%, өсім – 20,4%. Тұрақты өсім Костанайда да байқалады: үлесі – 3,4%, өсімі – 15,8%. Өскеменде үлес – 2,9%, өсім – 5,0%. Павлодарда үлес – 2,8%, өсім – 7,0%, Ақтөбеде – 2,3% және 5,9%, Атырауда – 1,9% және 2,6%. Оралда үлес – 1,7%, өсім – 7,0%, ал Петропавлда – 1,6% және айтарлықтай өсім – 29,0%. Жалғыз теріс динамика байқалған өңір – Ақтау: үлесі – 1,3%, өсімі –0,3%. Семейде үлес – 1,2%, өсім – 8,5%, Таразда – 1,0% және 5,4%. Ең жоғары өсім Қызылордада тіркелген – 35,0%, бұл көрсеткіш өңірдегі үлесі бар болғаны 0,6% болса да.

Бос жұмыс орындары ең көп тіркелген кәсіби салалар:

2025 жылдың II тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда вакансия саны ең көп артқан сала — сақтандыру (248,6%). Бұл көрсеткіш басқа салалармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Сондай-ақ айтарлықтай өсім мына салаларда байқалды: өнер, ойын-сауық, массмедиа (43,6%), жоғарғы және орта менеджмент (31,6%) және туризм, қонақ үйлер, мейрамханалар (29,4%). Сонымен қатар, белсенді вакансиялардың ең жоғары үлесі мына салаларда сақталуда: сату және клиенттерге қызмет көрсету — 13,2%, маркетинг, жарнама және PR — 8,3%, спорт клубтары, фитнес және сұлулық салондары — 7,8%.Ең төмен өсім стратегия, инвестиция және консалтинг саласында байқалды (–4,1%) — бұл саладағы белсенділіктің төмендеуін көрсетуі мүмкін. Жалпы алғанда, ең белсенді вакансиялар клиенттерге қызмет көрсету мен маркетинг салаларында шоғырланған.

Ал қауіпсіздік, стратегия, инвестиция, консалтинг және сақтандыру секілді салаларда вакансия үлесі ең төмен деңгейде қалуда.

Жалақы

Қазақстан бойынша ұсынылған медианалық жалақы 316 320 теңгені, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға жоғары. Медианалық жалақы – бұл орташа жалақыдан гөрі шынайы көрсеткіш, себебі шектен тыс жоғары немесе төмен мәндерге байланысты мәліметтердің бұрмалануын болдырмай, орталық көрсеткішті нақты береді.

2025 жылдың II тоқсанында жалақының ең көп өсуі Петропавлда (22,4%), Шымкентте (17,7%) және Өскеменде (16,7%) тіркелді. Ал ең жоғары медианалық ұсынылған жалақы Астанада — 348 351 теңге және Алматыда — 343 733 теңге болды, бұл көрсеткіштер сәйкесінше 15,7% және 14,9%-ға артты. Жалақының айтарлықтай өсуі Таразда (18,8%) байқалды. Ал ең төмен өсім Атырау (6,7%) және Қызылорда (7,8%) қалаларында тіркелді — бұл өңірлерде жалақы деңгейі басқа қалалармен салыстырғанда төмен болып қалып отыр.

Ізденушілер белсенділігінің динамикасы

2025 жылдың II тоқсанында hh.kz сайтында жарияланған белсенді түйіндемелер саны 984 мыңнан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1%-ға артты. Бұл көрсеткіш ізденушілердің еңбек нарығына деген жоғары қызығушылығын дәлелдейді. Түйіндемелерді ең белсенді түрде жариялайтындар — сату саласының өкілдері, үй, қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ маркетинг, жарнама және PR мамандары, бұл аталған салаларда жұмыс орындарына деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

2025 жылдың II тоқсанында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түйіндеме санының ең жоғары өсімі Семей (45,1%), Петропавл (44,7%) және Қызылорда (43,4%) қалаларында тіркелді, алайда, бұл қалалардағы түйіндемелердің жалпы үлесі әлі де төмен — сәйкесінше 1,5%, 1,1% және 1,1%. Павлодар мен Қостанай қалаларында да елеулі өсім байқалды — екеуінде де 41,4%. Бұл қалалардың түйіндемелердегі үлесі тиісінше 3,0% және 2,8%. Алматы (39,7%) мен Астана (22,2%) түйіндеме саны бойынша көш бастап тұр, бұл қалалардағы өсім сәйкесінше 38,7% және 37,3%-ды құрады. Өсу қарқыны біршама қалыпты болғанымен, түйіндемелердің жалпы көлеміндегі үлесі елеулі қалалар — Шымкент (6,7%), Қарағанды (5,4%) және Ақтөбе (3,7%).

Түйіндеме саны бойынша ең белсенді салалар:

Еңбек нарығындағы бәсекелестік

Бір вакансияға келетін түйіндеме санына негізделген бәсекелестік индексі 7,6-ға жетті. Яғни, орта есеппен бір жұмыс орнына 8 ізденуші үміткер болады деген сөз. Жыл ішінде бұл көрсеткіш 20,3%-ға өсті.

Жұмыс орындарына деген бәсекелестік еліміздің көптеген өңірлері мен салаларында артты. Әсіресе қауіпсіздік, жоғары және орта менеджмент, стратегия, инвестициялар мен консалтинг салаларында көрсеткіштер жоғары.