Binance пен Sigma Brau крипто өндіретін лимонад ұсынады

Binance пен Sigma Brau крипто өндіретін лимонад ұсынады

Binance блокчейн-экожүйесінің Қазақстандағы жергілікті реттелетін Binance Kazakhstan компаниясы еліміздегі алғашқы Web3 мәдениеті мен криптоәлем эстетикасынан шабыт алған лимонадты шығару үшін қазақстандық Sigma Baru крафт сыра қайнату зауытымен серіктестік орнатқанын хабарлайды.

Бұл өнім шектеулі сериямен шығарылып, еліміздің ірі супермаркеттер желісінде, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы Sigma Market фирмалық дүкендерінде эксклюзивті түрде сатылады.

«Орталық Азиядағы алғашқы криптолимонадты жергілікті инновацияға бейім бренд — Sigma Brau-пен бірлесіп шығарғанымызға қуаныштымыз. Біз криптовалютаны халыққа жақын әрі түсінікті етуге тырысамыз, ал кейде оған жетудің ең қарапайым жолы — дәм арқылы. Бұл өнім жергілікті колоритті, технологиялық эстетиканы және Web3 философиясын біріктіреді», — деді Binance Kazakhstan бас директоры Нұрхат Көшімов.

Әр лимонад банкасы — жай ғана сусын емес, криптовалюта әлеміне шақыру. Маусым бойы тұтынушыларды Binance-тен арнайы бонустар мен цифрлық белсенділіктер күтеді, ал басты сыйлықтар — әрқайсысы 0,1 BTC болатын 4 жүлде. Акцияға қатысу ережелерімен сілтеме арқылы таныса аласыз.

«Жергілікті брендтің блокчейн технологияларының жаһандық көшбасшысымен серіктестігі — Шымкенттің әлемдік картадағы танымалдығы үшін үлкен қадам. Sigma Brau — оңтүстік Қазақстанда құрылған бренд, бүгінде елдегі крафттық сыра мен сусындардың жетекші өкілі. Біз Binance-пен бірге ерекше дәмі бар өнім ғана емес, сонымен қатар таныс нәрселер жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа формат жасадық», — деді Sigma Brau тең құрылтайшысы Тимур Тұрысбеков.

Sigma Brau-пен серіктестік — Binance Kazakhstan тарапынан криптовалюталарды күнделікті өнімдер арқылы танымал ету жолындағы тағы бір қадам. Бұл криптовалютаны халыққа жақын, дәмді әрі визуалды түрде тартымды етіп жеткізудің тәсілі.