Қазақстандағы жетекші блокчейн-экожүйе Binance-тің жергілікті реттелетін компаниясы Binance Kazakhstan және Mastercard, Қазақстанда Mastercard карталарын пайдалану арқылы цифрлық активтермен операциялар жасау үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін Mastercard Move шешімінің енгізілгенін жариялайды.

Mastercard Move интеграциясының арқасында цифрлық активтерді сатып алу процесі жылдамырақ әрі интуитивті түрде түсінікті бола түсті. Енді пайдаланушылар, Binance Kazakhstan платформасында үйреншікті төлем құралы — Mastercard банктік картасын пайдалана отырып, цифрлық активтерді сатып алып, өз криптоәмияндарынан қаражатты Binance Kazakhstan платформасы аясында шығара алады. Mastercard Move криптоәмияндар мен банктік карталар арасындағы қаражат аударымдарын нақты уақыт режимінде қауіпсіз әрі үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, Binance Kazakhstan платформасындағы операцияларды бұрынғыдан да жедел және қолайлы етеді.

Binance Kazakhstan қосымшасындағы пайдаланушы жолы айтарлықтай оңтайландырылды. Қаражатты толықтыру бөлімінде Mastercard картасын бір рет қана байланыстыру жеткілікті. Кейінгі операциялар барысында пайдаланушы тек соманы енгізеді, содан кейін қаражат қазақстандық теңгеде (KZT) фиаттық балансқа бірден түседі. Одан әрі активтерді сатып алу және оларды спот-әмиянға есепке алу үшін бірнеше стандартты қадамды орындау ғана қажет. Қаражатты картаға шығару үдерісі де дәл осылай жылдам әрі қарапайым жүзеге асырылады — деректерді енгізуден бастап активтердің алынуына дейінгі бүкіл процесс бірнеше ғана басу арқылы орындалады.

Операциялар үшін комиссия мөлшері, шотты толықтыру және қаражатты шығару кезінде де 2%-ды құрайды. Транзакция лимиттері платформаның қолданыстағы шарттарына сәйкес белгіленген және бір операция үшін 1 000 АҚШ долларына дейінгі соманы қамтиды.

Mastercard Move интеграциясы Binance Kazakhstan пайдаланушыларына Қазақстанның кез келген банкі шығарған Mastercard карталарын пайдалана отырып, қаражатты толықтыруға және шығаруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл тізімге Halyk Bank, ForteBank, Altyn Bank, Freedom Bank, BCC және басқа да банктер кіреді. Бұған дейін мұндай операциялар тек Freedom Bank пен QazPost шығарған карталары бар Binance Kazakhstan пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болатын.

Қазіргі таңда Freedom Bank жаңа модель аясында да маңызды рөл атқаруын жалғастыруда: Binance Kazakhstan пайдасына жүзеге асырылатын барлық Mastercard карталық төлемдері, Mastercard Move шешімін пайдалана отырып, Freedom Bank инфрақұрылымы арқылы өңделеді. Бұл әртүрлі банктердің карталары бойынша транзакциялардың қауіпсіз өңделуін және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына толық сәйкестікті қамтамасыз ететін серіктестік.

Интеграцияның іске қосылуына қатысты пікір білдірген Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері Нұрхат Кушимов: «Біз цифрлық активтердің тәжірибесіне немесе дайындық деңгейіне қарамастан әрбір пайдаланушы үшін қолжетімді болуын көздейміз. Mastercard карталарына арналған төлем әдісін Binance платформасына интеграциялау — криптовалюталармен өзара әрекеттесудің барынша қарапайым әрі үйреншікті форматына жасалған қадам. Енді цифрлық активтерді сатып алу бір минуттан аз уақытты алады, ал дәл осындай шешімдер адамдарға криптоэкономикадағы жолын сенімді түрде бастауға мүмкіндік береді. Осы жобаны жүзеге асырудағы серіктестігі мен қолдауы үшін Freedom Bank және Mastercard командаларына ерекше алғысымызды білдіреміз және бұл Қазақстандағы пайдаланушылар үшін ыңғайлылықты арттырып, инновациялық қаржы құралдарына деген сенімді одан әрі нығайтады деп сенеміз», — деді.

Mastercard компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас директоры Санжар Жамалов былай деп қосты: «Mastercard цифрлық төлемдер экожүйесін дамытуға бейілді компания ретінде қауіпсіздікке, ашықтық және реттеуші талаптарды сақтауға айрықша мән береді. Mastercard Move шешімін Binance Kazakhstan қосымшасына интеграциялау және оны Freedom Bank-пен серіктестікте іске қосу цифрлық активтерді дәстүрлі қаржы инфрақұрылымына енгізу жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз пайдаланушылар тарапынан цифрлық активтердің жылдам әрі ыңғайлы операциялары мен тексерілген төлем технологияларына жоғары сұранысты байқап отырмыз, сондай-ақ лицензияланған нарық қатысушыларымен тығыз өзара байланысқа негізделген шешімдер, Қазақстанда жауапты әрі тұрақты криптонарықтың дамуына ықпал етеді деп есептейміз».

Жаңа қаражат салу және шығару процесін пайдалану бойынша толықтай ақпарат пен нұсқаулық Binance ресми сайтында бар.