2024 жылдың қазан айында қазақстандық Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алған катарлық Lesha Bank қаржы ұйымындағы үлесін сатқанға дейін банк капиталын ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл туралы Lesha Bank ресми сайтына берген сұхбатында қаржы ұйымының бас директоры Мохаммед Исмаил Әл-Эмади айтты.
Сұхбат барысында банктің бас директоры Lesha Bank-тің Bereke Bank-ті сатып алу мәміледегі мақсаттары туралы сұраққа жауап берді.
«Bereke Bank-ті сатып алу — банк жасаған тағы бір трансшекаралық мәміле. Біз сондай-ақ соңғы бірнеше жылда бірнеше негізгі жылжымайтын мүлікке ие болып, АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығында елеулі орын алдық. Бұл қадамдардың әрқайсысы салынған инвестицияны қайтару үшін мұқият жоспарланған, оларлы сатқан кезде капиталды қайтаруды көздеп отырмыз», — деді Lesha Bank бас директоры.