Ұйымдастырушылар Қазақстанның негізгі IT-конференцияларының бірі Beetech conf by QazCode конференциясына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Іс-шара 2025 жылғы 26 сәуірде Алматыда офлайн форматта өтеді және IT-мамандар арасындағы даму, нетворкинг және тәжірибе алмасу алаңы болмақ. Спикерлердің өтінімдері 2025 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады.
Биылғы конференция бағдарламасы екі бағытты қамтиды:
- AI and Beyond — футуристік идеялардан бастап, тәжірибелік шешімдерге дейін. Қатысушылар жасанды интеллектің технологиялар мен еңбек нарығына әсерін талқылайды
- General — инженерлік шешімдер мен менеджменттің синергиясы. Назарда —инженерлік озық тәжірибелер мен басқару саласындағы өзекті мәселелер
Ұйымдастырушылар Қазақстандық middle және senior деңгейіндегі IT-мамандарға бағытталған, өз тәжірибелері мен шешімдерін ашатын тақырыптарды күтеді. Материалдардың өзектілігі мен сараптамалығына ерекше назар аударылады.
Баяндамалардың негізгі тақырыптары:
- AI, ауқымды деректер және өнімді басқару
- Ұсынылатын жүйелер және дербестендіру
- Ұсыныстар мен маркетингтік стратегияларды оңтайландыру
- Заманауи жасақтамалар (PWA, бұлтты және и перифериялық есептемелер, микросервистер)
- Қауіпсіздік және DevSecOps:
- Өнімдерді басқару (бизнес-кейстер, стартаптар және тиімді командаларды құру)
- Өнімді басқарудағы AI
- Әдістемелер және жасақтамалардың фреймворктары (Scrum/Kanban, масштабтау және басқарудың икемді тәсілдері)
2024 жылы beetech conf мыңнан астам қатысушы мен 30 баяндамашыны біріктірді, олардың қатарында NVIDIA, Booking.com және Kolesa Group өкілдері болды. Конференция қатарынан бесінші жыл өтуде. Биылғы ұйымдастырушылар: QazCode, DAR Tech және Beeline Қазақстан.
Beetech conf by QazCode конференциясына қатысу үшін 28 ақпанға дейін конференцияның ресми сайтында өтінім беру қажет. Жаңалықтармен танысып, early bird билеттерінің сатылымынан қапы қалмау үшін ұйымдастырушылардың Telegram арнасына жазыла аласыз.