Банк секторының активтері 2025 жылғы 1 сәуірге негізінен несие портфелінің 2,0% немесе 36,7 трлн теңгеге өсуі есебінен биыл наурызда 1,6% ұлғайып (2025 жылдың басынан бері 0,7% өсім), 62,0 трлн теңгені құрады.
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы наурызда негізінен клиенттер салымдарының ұлғаюы есебінен 1,7%, 52,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында клиенттердің салымдары басым – 79,3% немесе 41,8 трлн теңге.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы наурызда негізінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде 0,9%, 9,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 5,1% өсім).
1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,6%-ды (01.01.2025 ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 22,1%-ды (01.01.2025 ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар-наурызда банктердің таза пайдасы 664 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,6% көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4,6%-ды (01.03.2025 ж. жағдай бойынша – 4,6%), капитал рентабельділігі (ROE) 31,8%-ды (01.03.2025 ж. жағдай бойынша – 31,9%) құрады.