Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы мамырда ұлттық валютадағы депозиттердің 2,2%, 38,3 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен 47,9 трлн теңгеге дейін 1,6% ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 0,2%-ға төмендеу). Заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға 20,7 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 2,2%-ға 27,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Шетел валютасындағы депозиттер қаражатты операциялық және балама инвестициялық қызметке пайдалану үшін заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің 4,0%-ға төмендеуі есебінен бір айда 0,4%-ға 9,6 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 маусымда долларлану деңгейі 20,0%-ға дейін төмендейді (2026 жылғы сәуірде – 20,4%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы мамырда 16,8%-ды (2026 жылғы сәуірде – 16,8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,8%-ды (2026 жылғы сәуірде – 14,8%) құрады.