Банктерде халық пен бизнестің 47,8 трлн теңге депозиті жатыр

Банктерде халық пен бизнестің 47,8 трлн теңге депозиті жатыр

Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы маусымда негізінен жеке тұлғалар салымдарының өсуі нәтижесінде 4,3%, 47,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,3% немесе 3,2 трлн теңгеге өсті).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы маусымда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,9%, 27,8 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 3,7%, 35,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер 2024 жылғы маусымда 3,1%, 8,0 трлн теңгеге дейін, оның ішінде АҚШ долларының теңгеге қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде ұлғайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша долларландыру деңгейі 22,3%-ды құрады (2024 жылғы маусымда – 26,5%).

Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы маусымда 3,8%, 15,9 трлн теңгеге дейін, негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі нәтижесінде ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері 3,4%, 15,8 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы маусымда 13,5%-ды (2024 жылғы мамырда – 13,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,6%-ды құрады (2024 жылғы мамырда  – 13,6%).