Банктер қаңтар-ақпанда 449 млрд теңге таза пайда тапты

Банктер қаңтар-ақпанда 449 млрд теңге таза пайда тапты

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, банк секторының активтері негізінен банктердің несие портфелінің 36,0 трлн теңгеге дейін 1,1% өсуі есебінен биыл ақпанда 0,6% немесе 391 млрд теңгеге ұлғайып (2025 жылдың басынан 557 млрд теңгеге 0,9% төмендеп), 61,0 трлн теңгені құрады.

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы ақпанда негізінен РЕПО операциясының ұлғаюы есебінен 0,4%, 51,7 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан бастап 1,8% немесе 0,9 трлн теңгеге төмендеген). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 79,8%-ды немесе 41,3 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдарынан келіп отыр.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы ақпанда негізінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде 2,1%, 9,3 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 4,2% немесе 371 млрд теңгеге өсткен) ұлғайды. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,8%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 22,4%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-ақпанда банктердің таза пайдасы 449 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,2% артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 4,6%-ды (01.02.2025ж. - 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 31,9%-ды (01.02.2025ж. – 32,2%) құрады.