Банктер жыл басынан бері 1 трлн теңге таза пайда тапты

Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 маусымға, ағымдағы жылғы мамыр айында негізінен өтімді активтердің 4,0%, 26,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 73,0 трлн теңгені құрап, 2,3% ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 3,1%-ға өсті)

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 21,0 трлн теңгені немесе активтердің 28,8%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы мамырда жеке тұлғалардың салымдарының 2,5%-ға өсуі есебінен 2,6%-ға 62,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлеске 79,0%-ға немесе 49,0 трлн теңгеге клиенттердің салымдары ие.

2026 жылғы мамырда банктердің меншікті капиталы 0,7%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 4,5%-ға өсу). 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,8%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,5%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 036 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 9,4%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 маусымда 3,8%-ды (2026 жылғы 1 мамырда 3,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 25,2%-ды (2026 жылғы 1 мамырда 26,1%) құрады.