Банктер I тоқсанда 36,6 трлн теңге несие берді

Банктер I тоқсанда 36,6 трлн теңге несие берді

2025 жылғы алғашқы тоқсанда банктер экономикаға 36,6 трлн теңге көлемінде несие берді. Алайда өсім қарқыны баяулаған – жыл басынан бері небәрі +1,9%. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Тұтынушылық несиелердің үлесі 57%-дан асып, халықтың белсенділігін көрсетіп отыр. 

Бизнесті несиелеу көлемі азайған. Орта бизнестің үлесі 13%-ды құрайды. Сонымен қатар ұзақмерзімді несиелердің үлесі 82,6%-ға жетіп, банктердің икемділігі мен ШОБ-ті қаржыландыру қабілетін төмендетіп тұр.

Ипотекалық несиелеу тұрақты сұранысқа ие – халыққа берілген несиелердің 29%-ын құрайды. Бұған «Ұмай», «Отау», «Жасыл ипотека» сынды жаңа бағдарламалар себеп болып отыр.