2025 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша, банктердің айналымдағы карталардың саны 81,4 млн-ға жетті. Кеңінен таралған карталар түрі дебеттік карталар, олардың үлесі 81,5%, екінші орындағы кредиттік карталар үлесі – 15,5%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карталар мен алдын ала ақысы төленген карталарлың үлесіне сәйкесінше 2,9% тиеді.
2024 жылдың желтоқсан айында қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын пайдаланып жүргізілген транзакциялардың көлемі 19,9 трлн теңгеге жетіп, транзакциялар саны 1,2 млрд болды. Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын транзакциялар саны 12,2% өсіп, 1,16 млрд болды және көлемі 19,7% өсіп 17,4 трлн тенге болды. Төлем карталарын ұстаушылардың қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 20,8 млн, көлемі 2,5 трлн теңге. 2023 жылдың осындай уақыт аралығымен салыстырғанда ақша шешу операцияларының саны 2,6%түсіп, көлемі 9,8% артты.
Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 81,0% және 90,5%) және POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 19,0% және 9,2%) арқылы жүргізілді. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен сәйкесінше 98,1% және 83,5%).