Балқаш жағасында 5 жұлдызды қонақүй салынайын деп жатыр

Балқаш жағасында 5 жұлдызды қонақүй салынайын деп жатыр

Қарағанды облысының «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Балқаш қаласында 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер салуға әлеуетті инвесторларды шақырады. Әр кешенде кемінде 60 нөмірден болуы тиіс. Бұл жобалар туризмнің дамуына және өңірдегі іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін «Сарыарқа» ӘКК ұсынады. Ал жобалау және құрылыс жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ қонақ үй кешендерін салу – ашық конкурс нәтижесінде анықталған инвестордың міндеті.

Құрылыс алаңдарының инженерлік инфрақұрылымын жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.

Соңғы екі жылда Балқашқа туристік ағын 40% артқан. Келушілер арасында тек қазақстандықтар ғана емес, Германия, АҚШ, Канада, Польша және Ресей елдерінен келген туристер де бар.