2026 жылдан бастап көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақыларын есептеу жаңа өңірлік коэффициенттер бойынша жүргізіледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 13 қарашадағы №72 қаулысында көрсетілген. Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жалпы көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы айырмашылық айқын көрінеді: ең жоғары коэффициенттер Қызылорда облысында (1,85), Жамбыл облысында (1,74), Түркістан облысында (1,69) және Шымкентте (1,61) тіркелсе, ең төмен көрсеткіштер Атырау облысында (0,48), Солтүстік Қазақстан облысында (0,67), ШҚО-да (0,72) және Алматыда (0,71) байқалады.
Жаңартылған коэффициенттер 2026 жылы автосақтандыру құнын есептегенде автоматты түрде қолданылады.
