Қазақстандық автосалондар жеке тұлғаларға арналған автолизинг шарттарын өздері анықтайды. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков хабарлады. Ішкі сауда қағидаларына енгізілген түзетулер 10 қарашада күшіне енді.

Енді азаматтар жаңа автокөліктерді жеке пайдалану үшін кейіннен сатып алу немесе кері қайтару құқығымен лизингке ала алады. Проценттік мөлшерлеме мен мерзімдер сияқты коммерциялық параметрлерді әр автосалон өзі белгілейді.

«Процедура азаматтық заңнамаға сәйкес келеді. Коммерциялық шарттарды — пайыздық мөлшерлемені, мерзімдерді лизинг берушілер айқындайды. Әр автосалон өзінің лизинг шарттарын ұсынады», — деп түсіндірді ол Үкімет отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, бағдарламаның ары қарайғы шарттарын Индустрия және құрылыс министрлігі пысықтайды.

«Бұл, ең алдымен, халыққа автокөлікті лизингке алу мүмкіндігін береді, ал екіншіден — Қазақстанда өндірілген автокөліктердің сатылуын қамтамасыз етеді», — деді ол.