Автөкөлікті сақтандыру құны өзгереді

Автөкөлікті сақтандыру құны өзгереді

Кемі 15 жылдан бері көлік апатына түспеген жүргізушілер үшін сақтандыру полисінің бағасы небары 10 теңгеден басталуы мүмкін. Алайда, сақтандыру қызметіне енді жүгінгендер мен жол ережелерін жиі бұзушылар үшін бұл бағыттағы шығындар 80%  артпақ. Еліміздегі сақтандыру жүйесіне 7 сәуірден бастап осындай өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Freedom Insurance басшысы Азамат Керімбаев Freedom Practicum шарасында айтты.

Freedom Insurance мәліметі бойынша, Қазақстанда 15 жылдан бері жол тәртібін бұзбай келе жақандар қатары 1 миллионға жуық. Бүгінде олар, өзгелермен қатар, сақтандыру полисін 15 мың теңгеге алып жүр. Ал полисті жаңадан рәсімдегендер мен жол қозғалысы ережелерін жиі бұзушылар үшін автокөлікті сақтандыру құны екі есеге артпақ.

Азамат Керімбаев көлікті мас күйінде тізгіндегендерге қатысты да пікір білдірді. Оның сөзінше, мұндай жүргізушілерге сақтандыру деңгейі  М2-ге дейін жоғарылайды, ол ең қымбат бағаны білдіреді. Елімізде көлікті заң мен тәртіпке бағына отырып жүргізетіндер қатары –  72%. Ал жол ережелерін сақтамайтындары саны – 28%. Сол себепті мас күйінде көлік жүргізгендерге ешқандай жеңілдік жасалмауы тиіс, – деп есептейді Freedom Insurance басшысы.

«Қазіргі уақытта мұндай жүргізушілерге сақтандырушылар тарапынан әсер ететін жалғыз құралы бар, ол – регресс механизмі. Егер көлік тізгіндеген кісі мас күйінде жол-көлік оқиғасына тап болса, онда одан сақтандыру төлемі толық көлемде өндіріледі. Алайда бұл механизм тек заң бұзушылық жасалғаннан кейін жұмыс істейді, яғни ол апаттардың алдын алмайды», — деп атап өтті Freedom Insurance сақтандыру компаниясының басшысы Азамат Керімбаев.

Керімбаев мас күйінде машина айдайтындардың экономикаға тигізетін әсеріне де тоқталды. Мәселен, жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болса, оған 8 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді. Сондай-ақ, мұндай қаза мемлекетке 100 миллион теңге тұруы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, былтыр 350 мың адам алғаш рет сақтандыру полисін алған. Егер олар көлікті дұрыс тізгіндемесе, көбірек шығынға ұшырайтын болады. Өйткені, сақтандыру компаниялары тәуекелдерді талдаудың цифрлық андеррайтинг жүйесін енгізуде. Бұл жүйе әр клиент үшін полис құнын дәл есептеуге мүмкіндік береді.