Қазақстандықтар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті лизингке сатып ала алады. Тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауына қабылданды. Бұл туралы палата отырысында депутат Татьяна Савельева айтты.
«Заң жобасы жеке кәсіпкер емес жеке тұлғаларға көлік және жылжымайтын мүлік сияқты активтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін лизингті енгізуді ұсынады», - деді Савельева.
Жалға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік ғана берілуі мүмкін, деп қосты депутат.
Бұл жолмен лизингтік компания сатушыдан мүлікті (автокөлік немесе үй) сатып алып, оны лизинг алушыға (жеке тұлғаға) пайдалануға береді. Келісімшарт мерзімі ішінде тұлға лизинг төлемдерін (әдетте ай сайын) төлейді. Мерзім аяқталғаннан кейін ол мүлікті қалдған құны бойынша сатып ала алады немесе оны лизингтік компанияға қайтара алады. Несиеден айырмашылығы, лизингте мүлік өтеу сәтіне дейін лизингтік компанияға тиесілі болады.