Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қазанда 1,3%, 31,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 14,3% өсі ). 2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша экономикаға берілген кредиттердің жалпы құрылымында ұлттық валютада берілген кредиттер 1,2%, 29,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валютамен берілген кредиттер 1,6%, 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қазанда негізінен 2,6%, 3,2 трлн теңгеге дейін инвестицияларға және 0,9%, 0,6 трлн теңгеге дейін негізгі қорлар сатып алуға берілген қарыздардың өсуі есебінен 0,3%, 12,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан 7,7% немесе 870 млрд теңгеге өсті.
Бизнес субъектілері санатының бөлінісінде ірі бизнеске кредиттер 2024 жылғы қазанда телекоммуникация және құрлық көлігі саласындағы ірі қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеулерінің жалғасуына байланысты 0,4%, 4,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан 2,7% өсті) төмендеді. ШОБ-қа қарыздар бір айда негізінен автомобиль шығару секторында шағын кәсіпорындарға айналым қаражатын толтыруға кредиттер беру есебінен 5,9 трлн теңгеге дейін 0,1% ұлғайды (2024 жылдың басынан 3,0% өсім). Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер 2024 жылғы қазанда 2,1 трлн теңгеге дейін 2,6% өсті (2024 жылдың басынан 37,7% өсім).
Салалар бойынша 2024 жылғы қазанда бизнеске берілген кредиттердің 4,0 трлн теңгеге дейін 1,1% өсуі – өнеркәсіп (2024 жылдың басынан 18,7% өсім), 3,2 трлн теңгеге дейін 0,7% – сауда (2024 жылдың басынан 9,0% өсім) салаларында және 1,3%, 3,0 трлн теңгеге дейін қызметтердің басқа да салаларында (2024 жылдың басынан 1,9% өсім) байқалады. Бұл ретте жекелеген қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеуді жалғастырулары аясында 2,9%, 0,8 трлн теңгеге дейін көлік (2024 жылдың басынан 5,7% төмендеді), 7,9%, 0,1 трлн теңгеге дейін – ақпарат және байланыс (2024 жылдың басынан 41,7% төмендеді), 0,8%, 0,6 трлн теңгеге дейін – құрылыс (2024 жылдың басынан 6,5% өсім) және 5,0%, 0,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан 4,6%, өсім) – ауыл шаруашылығы салаларындағы бизнес субъектілеріне кредиттер портфелінің төмендеуі байқалады.
2024 жылғы қазанда бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 7,7% артық. Бұл ретте 2024 жылғың 10 айда бұл көрсеткіш 14,2 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2% артық.
2024 жылғы қазанның қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі негізінен ШОБ кредиттері бойынша сыйақыны 18,2%-дан 18,3%-ға дейін ұлғайту есебінен 20,1%-ға дейін (2024 жылғы қыркүйекте — 20,0%) шамалы өсті.
Бұл ретте ірі бизнеске берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,9%-дан 16,8%-ға дейін, дара кәсіпкерлерге – 31,8%-дан 31,5%-ға дейін төмендеді.