«ҚазМұнайГаз» Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарындағы 50% акциясын жеке компанияларға өткізуі мүмкін.
Бұл шешім 461 кәсіпорынды қамтитын жекешелендірудің жаңа толқыны аясында қабылданды.
БҚДА төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігін жекешелендіру олардың жұмысының жақсаруына әкелетінін атап өтті. Мысал ретінде ол 50 пайызы жеке инвесторға тиесілі Шымкент мұнай өңдеу зауытын келтірді.
Осы орайда, мәселе Экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия мен реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралады.
Жекешелендіру бағдарламасы 2028 жылға дейін жалғасады.
АМӨЗ-дың 99,17% акциясы ҚМГ-ға тиесілі. Ал ПМӨЗ-дің 100% акциясв ҚМГ-нікі.