2024 жылдың желтоқсанында елордада 9911 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі тіркелген, бұл қарашаға қарағанда бірден 42%, ал 2023 жылдың желтоқсанына қарағанда 38% көп. Қазіргі мәні кем дегенде алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш, яғни 2019 жылдың басынан бергі.
Айта кету керек, желтоқсанда белсенділіктің жалпы республика бойынша артқаны байқалды: мәмілелердің жалпы саны бір айда 27% және бір жылда 32% өсімді көрсетіп, 50 мыңнан асып кетті. Алайда рекордтық көрсеткіш бола алмады: бұдан да жоғары көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың көктемінде болды. Айтпақшы, Алматыда да рекорд жаңартылмады. Бірақ алты жылдың ішінде қазіргі көрсеткіштен (8845 мәміле) жоғары мән тек бір рет, 2021 жылдың желтоқсанында, болған еді. Қазіргі мәннің өсімі бір айда 17%-ды, бір жылда 16%-ды құрады.
Бір қызығы, тұрғын үйді сатып алу бағасының қандай да бір қалыптан тыс қымбаттауы жалпы ҚР бойынша да, Астана мен Алматыда да орын алмады. Ресми деректерге сүйенсек, елордада жаңа тұрғын үйдің бағасы бір айда өзгермеген. Ал Алматыда 0,1%, еліміз бойынша 0,2% өскен.
Қайталама нарықтағы жағдай мынандай: Астанада баға 2,8% қымбаттаса (әжептәуір, алайда осы жылы бұдан да жоғары өсім болды), Алматыда 1% арзандаған. Ал ҚР бойынша +0,9% өскен.