Астанада үй құрылысы 2015 жылдан бергі минимумға азайды

Астанада үй құрылысы 2015 жылдан бергі минимумға азайды

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы былтырғы сәйкес айымен салыстырғанда 3,7 есе азайып, 95,3 мың шаршы метрді құрады. Биылғы көрсеткіштен төмен мән соңғы рет 2019 жылдың қазан айында тіркелген.

Әсіресе көппәтерлі үй құрылысы азайды. Мұндай үйлер жалпы көрсеткіштің 95%-ы немесе 90,6 мың шаршы метрі. Нәтижесінде салынған пәтерлер де азайды. 2024 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 3,3 есе азайып, 1,2 мың болды.

Астанадағы құрылыстың азаюы тұтас республика көрсеткішіне әсер етті, елдегі құрылыс бір жылда 27% азайып, 766,1 мың шаршы метрге болды. Жалпы ел бойынша құрылыс 281,8 мың шаршы метр азайды, соның 257 мың шаршы метрі астанаға тиесілі, қалғаны жеті өңірге тиесілі.

Егер Алматы туралы айтатын болсақ, онда елордаға қарағанда мұнда жақсы өсім байқалады, 43,5%. Оңтүстік мегаполисте 226,1 мың шаршы метр салынды.

Жалпы, соңғы тоғыз жылда екі жылды қоспағанда, елордада тұрғын үйлерді пайдалануға беру артқан. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың соңына қарай 16%  (3,8 млн шаршы метрмен салыстырғанда 4,4 млн шаршы метр) өсім болды.

Қаңтардағы бұл құлдырау биыл жыл соңына дейінгі көрсеткіштің азаяды деген сөз бе? Белгісіз. Жылдық көрсеткіш қуып жетуі мүмкін, алайда мұндай аз көрсеткіш соңғы рет 2015 жылы байқалған.