Астанада қайталама нарықтағы үйлер қатарынан екінші ай арзандап жатыр, баға сәуірде наурыздағыдан 0,4% төмендеген, ал жаңа үйлердің құны өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды статистика бюросы.

Есесіне Алматыда баға өсіп барады. Жаңа үйлер сәуірде наурызбен салыстырғанда 1,5% қымбаттаса, қайталама нарықтағы баға 2% өскен.

Пәтер жалдауға келсек, Астанада 0,5% қымбаттаса, Алматыда керісінше 0,5% арзандады.