Астанада Соғым Fest-те екі күнде 100 тоннадан астам ет сатылды

Астанада Соғым Fest-те екі күнде 100 тоннадан астам ет сатылды

Өткен демалыс күндері Астанада Соғым Fest жәрмеңкесі өтті. Екі күнде қала тұрғындары 100 тоннадан астам ет сатып алды, деп хабарлады ҚР Сауда комитетінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының шаруалары өнім әкелді. Азаматтар ет және басқа да өнімдерді делдалсыз сатып ала алды.

Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 2300 теңге, қой еті мен жылқы еті 2300-2500 теңге аралығында сатылды.

Астанада әр сенбі және жексенбі күндері «Көктал» сауда үйінде «Соғым Fest» фестивалі өтеді деп жоспарлануда. Жалпы, желтоқсан айында Қазақстанда түрлі деңгейдегі 400-ге жуық жәрмеңке өткізу жоспарлануда.

«Мұндай жәрмеңкелер әсіресе мерекелер қарсаңында азық-түлік бағасының өсуін тежеудің маңызды құралы. Бұл да мәдениетіміздің бір бөлігі сауданың дәстүрлі түрлерін сақтауға септігін тигізеді», — деді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.