Астанада «Болашақ директорлар кеңесі» форсайт-сессиясы өтеді

Астанада «Болашақ директорлар кеңесі» форсайт-сессиясы өтеді

Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы QID — еліміздегі тәуелсіз директорлар институтын дамытуға және олардың кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталған жалғыз салалық ұйым — 5 желтоқсанда Халықаралық «Астана» қаржы орталығында (МFCA) «Болашақ директорлар кеңесі» форсайт-сессиясын өткізеді.

Іс-шара Қауымдастық пен Ұлттық корпоративтік басқару кеңесінің бастамасын жалғастыра отырып, жыл сайынғы кәсіби кездесулер аясында ұйымдастырылады. Бұл кездесулер жетекші сарапшыларды, мемлекеттік және жеке құрылымдардың өкілдерін, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық көшбасшыларын біріктіреді.

Сессияның негізгі тақырыбы — жасанды интеллекттің қарқынды дамуы мен кеңінен енгізілуі жағдайында директорлар кеңесінің рөлі мен тәжірибесінің трансформациясы. Сонымен қатар тиімді корпоративтік басқарудың негізі болып табылатын, тәуелсіз директорлар институтын нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Форсайт-сессияға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің өкілдері, жетекші бизнес құрылымдарының басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар шақырылған.

Ұлттық және инвестициялық компаниялардың, халықаралық даму институттарының және кәсіби қауымдастықтардың 300-ден астам басшысының қатысуы күтіледі.

Форсайт-сессия аясында, корпоративтік басқарудың цифрландыру дәуіріндегі өзекті мәселелері мен жаңа технологиялық революция кезеңіндегі негізгі трендтерге арналған, екі арнайы басылымның тұсаукесері өтеді.

Іс-шара директорлар кеңесінің қызметіндегі озық тәсілдерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және Қазақстандағы корпоративтік басқарудың жаңа даму бағдарларын айқындау алаңына айналады.