Әр балаға Ұлттық қордан шамамен 120 доллар беріледі

Әр балаға Ұлттық қордан шамамен 120 доллар беріледі

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына биылғы төлем 118-120 долларға дейін өседі, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев. 

Мәди Тәкиев 2024 жылы болжамды кіріс шамамен 2,6% екенін, ал 2025 жылы оны 3%-ға дейін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазір біз 1 қаңтардағы балалар санын алып, әрқайсынс 118-120 деп болжап отырмыз. Бірақ 1 ақпанға дейін барлығын қайта есептеп, нақты айтамыз», — деді Тәкиев.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 130 доллардан деп айтқан.

«Ұлттық қордан алдын ала 890 млн доллар бөлінді», — деді Сүлейменов.