2025 жылдың ақпан айында ITS халықаралық сауда алаңындағы бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі өсуін жалғастырып, айдың қорытындысы бойынша рекордтық 806 млн доллар көрсеткішіне жетті, бұл өткен айдағы сауда-саттық көлемінен (670 млн доллар) 20% көп.
ITS алаңындағы сауда-саттық айналымы сауда-саттыққа қосылған инвесторлар саны өскен сайын ұлғайып отыр және халықаралық қор нарығындағы трендтермен сәйкестенеді. ITS сауда-саттық көлемінің ұлғаюына сонымен қатар ETF қорлары сияқты жаңа құралдарға, атап айтқанда ITS-тің өз индекстеріне сұраныстың өсуі де үлесін қосып жатыр.
Ақпан айында ITS алаңындағы саудалану көлемі бойынша ең танымал топ-10 бағалы қағаздарға мына компаниялар мен ETF акциялары кірді: Freedom Holding Corp. (тикер: FRHC), NVIDIA Corporation (NVDA), Coinbase Global (COIN), Tesla (TSLA), Direxion Daily 20+ Year Treasury Bull 3X Shares (TMF), CleanSpark Inc. (CLSK), SPDR Bloomberg 1-3 Month T-Bill ETF (BIL), ProShares UltraPro QQQ (TQQQ), Alibaba Group Holding Limited ADR (BABA), Direxion Daily Semiconductor Bull 3X Shares (SOXL).
Ақпан айының соңында ITS алаңындағы инвесторларға АҚШ, Еуропа мен Азияның NYSE және NASDAQ, сондай-ақ AIX биржасында бастапқы листингі бар компаниялар мен ETF қорларының 3 мыңнан астам акциясы мен депозитарлық қолхаттары қолжетімді болды.