2025 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% өсіп, 408,1 млрдтеңгені құрады.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары арқылы 84,9%, шетелдік – 11%, мемлекеттік – 4,1% орындалды.
2025 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар (18%) мен тұрғын емес ғимараттар (10,9%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2025 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 35,4%), автомобиль, темір жолдары және метро (17,7%) және тұрғын үйлердің (10%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ақмола (3 есе), Маңғыстау (2,9 есе), Қызылорда (2 есе), Қостанай (77,2%), Алматы (74,8%), Жетісу (67%), Шығыс Қазақстан (42,1%), Павлодар (31,6%), Солтүстік Қазақстан (26%), Батыс Қазақстан (25,2%) облыстарында және Шымкент (1,9 есе), Астана (63,8%) және Алматы қалаларында (63,2%) байқалады.
Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 2455 мың шаршы метрді құрады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,8% азайып, 1933,2 мың шаршы метрді құрады, олардан 1215,9 мың шаршы метр — көппәтерлі және 713 мың шаршы метр — жер үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 1810 мың шаршы метрді немесе 93,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 751,5 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
2025 жылғы қаңтар-ақпанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 15890 оқу орнына арналған 11 жалпы білім беретін мектеп, 904 орынға арналған 4 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 110 келіп-кетушіге арналған 3 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.