Archer Daniels Midland (ADM) ірі халықаралық корпорациясы Қазақстанда жүгеріні терең өңдеу бойынша жобаны іске қосуды талқылауда, деп хабарлайды «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі.
Ынтымақтастықтың келешекті бағыттарының қатарында қазақстандық серіктестермен бірлесіп жүгері крахмалын өндіру, сондай-ақ республика аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін тамақ сироптарын өндіру жөніндегі жобалар қаралды.
Тараптар сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына шығу үшін өңірлік хаб ретінде Қазақстанның болашақ өндірістерінің экспорттық мүмкіндіктері мен логистикалық артықшылықтарын талқылады.
ADM төрт ірі агроөнеркәсіптік корпорацияның қатарына кіреді. Компания дәнді және майлы дақылдарды өңдеуге, тағамдық қоспаларды өндіруге және жаһандық жеткізу тізбегін дамытуға маманданған. Жылдық кіріс 85 млрд доллардан асады. Штаб-пәтері Чикагода орналасқан.