Алтынның аптасына бірнеше рет рекордтық қымбаттауы туралы жаңалықтар үйреншікті жайтқа айналды. Бүгін фьючерсі 3,5 мың доллардан асты, бұл тағы бір тарихи максимум. Бір тәулікте 100 долларға өскен.
Bloomberg Intelligence мәліметінше, алтын биржасына қаржы салу 2023 жылдың наурызынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Инвесторлар жалғасатын жаһандық сауда соғысының қатеріне осылай әрекет етеді. Қазақстандағы алтын құймаларының сатылымының өсуі бұған дейін айтылған, бізде де баға қымбаттайды деген сөз.
Қор нарығында сәуір айы тарихтағы ең құбылмалы айлардың біріне айналды, әр апта сайын ±2% ауытқуы болды. Дегенмен, институционалдық ойыншылар үзіліс күткен кезде, жеке (бөлшек) инвесторлар құлдырау кезінде шетелдік акцияларды белсенді түрде сатып алуда, деп атап өтті BCC Invest сарапшылары.