Алты айда 35 мыңдай автокөлік өндірілді: Hyundai Mufasa үздік бестікте

Алты айда 35 мыңдай автокөлік өндірілді: Hyundai Mufasa үздік бестікте

2025 жылдың маусым айында отандық кәсіпорындар 13,7 мың бірлік доңғалақты көлік шығарды. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағы (ҚАО) хабарлады. Өндірілген өнімнің жалпы құны 189,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 6,6 мыңнан 107,5% артық.

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 71,5 мың бірлік техника шығарылды. Олардың жалпы құны 996,9 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 12,7% өсті. Қазір республикадағы машина жасаудың жалпы көлемінің 40,9%-ы автомобиль өнеркәсібіне тиесілі.

Негізгі бөлігін жеңіл автокөліктер құрайды – 64,8 мың бірлік. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,6% артық. Жүк көліктерінің өндірісі 3,4% төмендеп, 3,5 мың дананы құрады. Бұл ретте кәсіпорындар 11,1 мың автобус шығарды, бұл 5,4% артық. Сонымен қатар, елімізде 1,7 мың тіркеме және жартылай тіркеме, сондай-ақ 386 бірлік басқа да арнайы техника шығарылды.

КАО мәліметтері бойынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елдің әртүрлі өңірлерінде автомобиль және коммерциялық көліктердің өндіріс көлемі былай болды:

  • Қостанай (Allur зауыты): 39 мың техника, өсім 0,9%;
  • Алматы (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty): 27,1 мың жеңіл және коммерциялық көлік, 40,2% өсті;
  • Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan): 2 мың бірлік коммерциялық көлік, 21,9% азайған;
  • Қарағанды облысы (QazTehna): 0,8 мың техника, көлемі 28,9% өсті;
  • Көкшетау (КАМАЗ-Инжиниринг): 0,7 мың коммерциялық көлік, өсім 51,6%;
  • басқа өндірушілер 1,9 мың.

2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ең танымал бес брендке (экспортты қоса алғанда) кірді: Hyundai (26,8 мың), Chevrolet (14,7 мың), Kia (12,5 мың), Jetour (5,8 мың) және Jac (4,8 мың).

Модельдер арасында өндіріс көшбасшылары: Chevrolet Cobalt (11,9 мың), Hyundai Tucson (10,3 мың), Kia Sportage (6 мың), Hyundai Elantra (4,2 мың) және Hyundai Mufasa (3,6 мың).